Placeholder
Фото: istockphoto.com
istockphoto.com
Қазақстан жаңалықтары19 қыркүйек 2024, 9:23

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі студенттің мәйіті табылды

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Шетелдіктердің бірі 21-де, екіншісі 22 жаста болған. Марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқыған. Олар әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады», деп жазады Оtyrar.kz.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Шымкент Пәтер Студент мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар