Қазақстан жаңалықтары13 шілде 2024, 13:56

Аса қауіпті: ТЖМ ескерту жасады

ТЖМ мамандары қазақстандықтарға ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. «Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері — халықтың отты абайсыз қолдануы және найзағай разрядтары, - деп хабарлайды Arbat.media.

Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Сондай-ақ, от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, шыны заттарды (бөтелкелерді), май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген материалдарды қалдыру аса қауіпті», — деп ескертті ведомство қызметкерлері.

ТЖМ ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар