Қазақстан жаңалықтары14 шілде 2024, 11:00

Атырауда бозбаланы ұрып өлтірген ауылдасы қамалды

4 шілдеде Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында ауылдасының соққысынан 17 жасар жасөспірім көз жұмды. Аталған дерек бойынша полиция «абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

13 шілдеде оған сот шешімімен екі ай мерзімге қамау шарасы санкцияланды.

Тергеу прокуратураның ерекше бақылауында.

Атырау бозбала өлім Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар