Placeholder
Фото: Атырау облыстық полиция департаменті
Atyrau policia
Қазақстан жаңалықтары27 шілде 2024, 16:00

Атырауда фонтанға құлаған үш жасар бала мерт болды

Атырау қаласында 3 жасар бала субұрқаққа құлап, қайтыс болды. Оның аяғын циркулярлы насос қысып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға кеше, 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында болған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан 2021 жылғы баланың аяғы субұрқақ ішіндегі циркулярлы насосқа қысылып қалған. Соның салдары 3 жасар бала қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізу басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Атырау фрнтан үш жасар бала өлім

Тақырыпқа жаңалықтар