Қазақстан жаңалықтары14 қаңтар 2024, 18:56

Банк қызметкері тұрғындар атына 21 миллион несие рәсімдеген

Банк қызметкері Түркістан облысының тұрғындарының атына 21 миллионға несие рәсімдеп алып алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазығұрт ауданы полициясына бір топ жергілікті тұрғындар хабарласқан. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың атына белгісіз біреу несие берген. Аталған факті «алаяқтық» бабы бойынша тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті 31 жастағы ер адам болып шықты, ол банк қызметкері бола тұра клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие берген.

«Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 21 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ІІМ.

Қазығұрт ауданы банк қызметкері Несие Алаяқтық

Тақырыпқа жаңалықтар