Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 16:30

Басын атып алған Ұлттық ұлан сарбазы мерт болды

ҚР Ұлттық ұлан 6636 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Kazinform агенттігі жариялады. 

«9 қазанда 6636 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Қайсар Маратұлы Сұлтанов әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті. Штаб бойынша кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің жұмысын тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты күзет бекетінен басындағы оқ жарақатымен тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Қызметтік тергеу басталған. 

«6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - дейді Ұлттық ұланнан.

Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді. 

Ұлттық ұлан Сарбаз өлім Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар