Қазақстан жаңалықтары20 мамыр 2024, 10:23

Бірқатар тасжолда жылдамдықты тексеру жүйесі іске қосылады

Қазақстан тасжолдарында жылдамдықты тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ішкі істер министрлігі Автомобиль жолдары комитетімен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2023 жылдан бастап жылдамдықты бұзу фактілерін тіркеу үшін қала жолдарында камераларды қолдану қызметін енгізіп жатыр. Өткен жылы 33 «ЗЕРЕК-2» аппараттық-бағдарламалық жүйесі орнатылды. Осы жылдың 20 мамырында Павлодар – Қалбатау, Бейнеу – Ақжігіт, Орал – Самара, Павлодар – Омбы, Орал – Саратов жолдарында 21 кешен іске қосылады деп жоспарланып отыр. Осы кезеңнен бастап аталған бағыттар бойынша «ЗЕРЕК-2» кешендері штаттық режимде жұмыс істейді», деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

 

жылдамдықты тексеру жолдар жаң жүйе

Тақырыпқа жаңалықтар