Қазақстан жаңалықтары4 шілде 2024, 9:00

Боксшыларға 10 млн теңге сыйақы берілді

Алматыда Қазақстан бокс федерациясының марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шарада Бангкокта өткен лицензиялық турнирдегі жоғары нәтиже көрсеткен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Назым Қызайбай және Валентина Хальзоваға ақшалай сыйақы табысталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Париж Олимпиадасы жолдамасының иегері атанған әр боксшыға 10 миллион теңгеден берілді.

Сонымен қатар спортшылардың дайындығына үлес қосқан бапкерлер де елеусіз қалмады. Сегіз маманға 1,5 мен 5 миллион теңге аралығында сертификаттар табысталды.

Атап айтқанда:

Елдос Сайдалин – 5 миллион;Нұркен Андасов – 3 миллион;Марат Қырықбаев – 3 миллион;Долкунжан Камеков – 3 миллион;Марат Манашев – 3 миллион;Мұхит Ахметов – 2,5 миллион;Қуаныш Бейсембеков – 1,5 миллион;Рустам Тапи – 1,5 миллион.

Іс-шараға Тұрсынғали Еділов, Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбеков және Қазақстан бокс федерациясының басшылық құрамы қатысты.

Tengri Sport басылымына берген сұхбатында Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп жүлделер мемлекеттік бюджеттен берілмегенін, бұл федерация президентінің бастамасымен жасалған демеушілік екенін атап өтті.

 

Боксшылар 10 млн теңге сыйақы

Тақырыпқа жаңалықтар