Placeholder Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина арасындағы жағдайды реттеудің жолын айтты
ФОТО: КТК
КТК

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина арасындағы жағдайды реттеудің жолын айтты

«Бейбіт келісімге келуі керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан форумда Ресей-Украина арасындағы жағдайды реттеудің басқа жолы жоқ деді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлел. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз.

"Әйтпесе, соғыс қос тарапты да жойып тынады. Кейбір әлемдік күштер бұған мүдделі шығар. Бірақ бұл тығырыққа тірейтін жол. Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше — стратегиялық парасаттылықтың көрінісі", – деді президент.

«Біз халықаралық жүйенің мейлінше инклюзивті және орнықты болғанын қалаймыз. Мемлекеттерді үлкен немесе шағын деп бөлмей, оларға жаһанды жақсарту үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек. Қазақстан алдағы уақытта да әлемдік аренада белсенді рөл атқаруға дайын екенін айтты, деді мемлекет басшысы Astana Think Tank форумында.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада қысқа мерзімде салынған өрт сөндіру бөлімінің де жұмысымен танысты. Бөлімше 96 мыңнан аса тұрғыны бар Алматы ауданына қызмет етеді. Өрт сөндірушілер жұмысын бастаған екі ай ішінде 200-ге жуық дабылға жедел шығып үлгерген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Баршаңызды жоғары бағалаймыз, келешекте мемлекет тарапынан жәрдем беріп тұрамыз. Бірінші модуль деген деполар елімізде көп болады. Біз тиісті қаражатты міндетті түрде бөлеміз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина бейбіт түрде шешу Astana Think Tank

Тақырыпқа жаңалықтар