Қазақстан жаңалықтары26 сәуір 2024, 13:01

БҚО: Облыстық жол қақ айырылып, су шайып кетті

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің суы жолды шайып кетті. БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім еткеніндей, оқиға 26 сәуір күні Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі аумағында болды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Сағат 08.10-да Көнеккеткен және Қамыстыкөл ауылдарының арасында облыстық маңызы бар Барбастау-Ақжайық-Индер автожолының 115-шақырымында жолды су шайып кетті (ұзындығы – 4-5 метр, ені – 8 метр). Осы тұста автокөлік қозғалысы тоқтатылды. Көліктер айналма жол арқылы қатынап жатыр. Зардап шеккендер жоқ елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Оқиға орнында Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі Ұлдаш Қадырғалиева «Юнисерв» компаниясының қызметкерлері айналма жолды биіктеткеннен кейін Қамыстыкөл елді мекенімен арадағы байланыстың қалпына келтірілгенін жеткізді.

 

БҚО облыстық жол су шайып кетті Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар