Қазақстан жаңалықтары4 шілде 2024, 11:00

ДСМ: 32 ауруға қарсы тегін дәрі-дәрмек берілмейді

Енді қазақстандықтарға 32 ауруға қарсы тегін дәрі-дәрмек берілмейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 32 ауруға қарсы 38 дәрі алынып тасталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атап айтқанда:

• Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы

• Ауруханадан тыс пневмония

• Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы

• Бас сүйек нервтерінің зақымдануы

• Жедел/созылмалы синусит

• Жедел/созылмалы кератит

• Көп пішінді эритема

• Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы

• Эндометриоз

• Несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары

• Гастрит және дуоденит

• Созылмалы панкреатит

• Холецистит

• Өт тас ауруы

• Бас ауру

Неліктен? Бұл аурулар, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді. Сонымен қатар басқа созылмалы ауруларды амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтуды арттыруды жоспарлап отыр.

32 ауру ДСМ дәрі-дәрмек берілмейді

Тақырыпқа жаңалықтар