Гаджи Гаджиев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге береді
Қазақстандық кәсіпкер әрі спорт функционері Гаджи Гаджиев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Гаджиев Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі және елдегі спорт қауымдастығының өкілі.
«Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әрі еліміздің спорт қауымдастығының өкілі ретінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық қолдау көрсету туралы шешім қабылдадым», - деді ол.
Кәсіпкер қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, бүкіл елмен бірге қайғырып отырғанын жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: