Қазақстан жаңалықтары25 шілде 2024, 21:34

Елдегі 2,6 млн көліктің «жасы» 20 жылдан асып кеткен

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жыл басынан бері ел аумағына 108 мың жаңа көлік кірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Өткен жылдың өзінде көлік саны 500 мыңға артып, қазір олардың саны 5 млн 350 мыңнан асты. Биыл 108 мың автокөлік тіркелген. Бұл жол желісіне түсетін жүктеменің артуына әкеледі. Бірақ еліміз әлі де көліктің саны бойынша шарықтау шегіне жеткен жоқ», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Ол ескі көліктерден келетін қауіп жоғары екенін еске салды.

«Автокөліктердің жартысының пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен. Әрине, ескі көліктерде белсенді және пассивті қауіпсіздіктің заманауи жүйелері жоқ, сол үшін олар бұзылуға бейім болады», — деді комитет басшысы.

Қазақстан ескі көліктер Статистика 20 жыл

Тақырыпқа жаңалықтар