Қазақстан жаңалықтары13 маусым 2024, 23:41

Елімізде көкжөтелден 3 бала көз жұмған

Жыл басынан қауіпті инфекцияны 70 бала жұқтырған. Дәрігерлер көкжөтелді жұқтырмас үшін оған қарсы екпені уақытында алу керек дейді. Көкжөтелмен әдетте 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ол әсіресе, омыраудағы сәбилер үшін қауіпті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өңірлік сантариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары дерттің аса қауіпті екенін ескертеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Павлодар облысында жыл басынан 70 баланың көкжөтелмен ауырғаны тіркелді. Былтыр дәл осы кезеңде мұндай ауру мүлде кездеспеген еді. Көкжөтелге қарсы вакциа салу дерттің алдын алады. Ондай балаға инфекция жұққанның өзінде ауру жеңіл түрде өтеді» деп түсіндірді департаменттен.

Жыл басынан бері республикада көкжөтелден үш сәби көз жұмған, олардың барлығы екпе алмағаны анықталды.

 

көкжөтел өлім Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар