Қазақстан жаңалықтары27 қазан 2023, 12:18

Елімізде онкологиялық ахуалды өршітіп тұрған зауыттар

Алматы онкология және радиология институты директорының орынбасары Бақытжан Оңғарбаев елдегі онкологиялық ахуалды өршітіп тұрған зауыттарды атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол  экологияның әсерінен онкологиялық ауруға шалдыққандардың жеке статистикасы жүргізілмейтінін айтты. 

«Әр қатерлі ісіктің сыртқы және ішкі факторлары болуы мүмкін. Әрине, сыртқы факторларға экологиялық себеп, Семей полигонымен, зауыттармен байланысты әсерлер жатады. Нақты экологияның себебінен туындаған деп бөліну жоқ. Ондай статистиканы ешкім жасамайды», - деді маман. 

Онколог обыр ауруларының көрсеткіші Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында, Астана мен Алматыда жиі тіркелетінін атап өтті. 

«Бізде Өскемен қаласында бес зауыт бар. Титан-магний зауытынан бастап уран өндірісіне дейін бар. Павлодарда алюминий зауыты мен мұнай өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Мұнай өндірісінің де әсері бар. Мұнай өндірісі бар өңірлерде де онкологиялық аурулар жиі кездеседі. Олардың клиникалық сипатына келсек, мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан тері обырлары, өкпе обыры көп», - деді Бақытжан Оңғарбаев.

онкология ахуал зауыттар Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар