Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2023, 13:30

Еңбек министрі табысы жоғары салаларды атады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова былтыр жұмысқа орналасқан колледж түлектерінің 57 пайызы өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media

«Жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығында, яғни 9,1 млн адамның 4,4 миллионында кәсіптік-техникалық білімі бар. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім жүйесінің сапасы бүкіл экономикадағы өнімділікке және халықтың табысына айтарлықтай әсер етеді. Бүгінгі таңда Қазақстан өнімділік дамыған елдерден орта есеппен 4 есе, Норвегиядан – 7 есе, Германия, Франция, Финляндия, Ұлыбритания, Италиядан 5 есе артта қалып отыр», - деп деректер келтірді министр.

Светлана Жақыпованың сөзіне сай, кәсіптік-техникалық білімі бар азаматтар негізінен сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейді.

«Біздің ақпараттық жүйелеріміздің мәліметтері бойынша, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, көлік және құрылыс саласында жұмыс істейтіндер ең жоғары табыс пен өнімділікке ие. Бұл ретте 2022 жылғы жұмысқа орналастырылған түлектердің 57%-ы өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді, бұл тиісінше олардың табысына әсер етеді»», - деді Светлана Жақыпова.

 

Светлана Жақыпова Еңбек министрі жұмыс Табыс

Тақырыпқа жаңалықтар