Қазақстан жаңалықтары21 қаңтар 2024, 19:10

Ертісте су көтеріліп, 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Семей қаласындағы Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуінен Бейбітшілік аралында тұратын 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ертіс өзенінің су деңгейі – 457 см. Бейбітшілік аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД, жергілікті атқарушы орган және 68303 әскери бөлімінің қызметкерлері бірлесіп 21 қаңтарға қараған түні бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.

Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Азаматтарды жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Үй жануарлары да қауіпсіз жерге жеткізілген», - деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын құзырлы органдар учаскелерді аралап, су деңгейіне мониторинг жүргізуде. Су деңгейі әрбір 2 сағат сайын өлшенуде.

Осыған дейін Семейде Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп кеткенін хабарладық. Осыған қарай облыс әкімінің басшылығымен төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі комиссияныңотырыс өтіп, құтқарушыларға тұрғындарға көмек көрсетуге дайын болу керектігі айтылды.

 

Ертіс өзені су деңгейі Төтенше жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар