Новости: су деңгейі

су деңгейі - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【су деңгейі】 жаңалықтар Arbat media
Балқаштың су деңгейі Балтық жүйесімен 341 метрге жетті
8 қараша 2024 / Новости Казахстана

Балқаштың су деңгейі Балтық жүйесімен 341 метрге жетті

Жыл басынан Балқашқа 13,5 текше шақырым су жіберілді. Жыл басынан бері Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше шақырым су жіберілді. Осының нәтижесінде көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 м жетті. Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық. 

Жайық өзенінде су 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр
13 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Жайық өзенінде су 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр

Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр. Аймақта қорғаныс бөгеттері тұрғызыла бастады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты
2 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты

Атырау облысында Жайық өзені тағы көтерілді. Қазір Махамбет ауданында су айдынының деңгейі 8 метрден асты. Атырау облысының жедел штабы бүгін таңертеңгі сағат 08:00–ден бері Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет ұсынды.

Жайық деңгейі Тайпақ тұсында 750 сантиметрге жетті
2 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Жайық деңгейі Тайпақ тұсында 750 сантиметрге жетті

Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 51 сантиметрге көтерілді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 2 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша аталмыш гидробекетте су деңгейі 750 сантиметрге жетті (қауіпті шегі – 850 см). Есесіне Жайық деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев ауылында бір тәулікте 7 (820 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 7 (813 см, 850 см), Көшімде 6 (827 см, 850 см) сантиметрге төмендеді.

Жайық өзенінің су деңгейі 838 см болды
30 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Жайық өзенінің су деңгейі 838 см болды

«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Бүгінгі күнге су қоймаларына 232 млн текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 89,1%-ы. Кіші Өзен бойындағы төрт су қоймасы 92% толды, бұл — 102,5 млн текше метр су.