Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 15:40

«Ғалам аруы» байқауында қазақстандық ару ұлттық киімін таныстырды

Сальвадорда «Ғалам аруы-2023» сұлулық байқауында ұлттық костюмдер шоуы өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан атынан Miss Almaty-2022 және Vice Miss Qazaqstan-2022 Томирис Зайыр қатысуда.

«Ғалам аруы байқауындағы шабыт пен қолдау үшін қазақ еліме үлкен алғыс білдіргім келеді. Туған жерімді таныстыру мен үшін құрмет және мен таңғажайып мәдениетіміздің бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Кеше бізде ресми таныстырылым шарасы өтті, бүгін - ұлттық костюмдер шоуы болады», - деп жазды Томирис өзінің Instagram парақшасында.

Томиристің ұлттық киімін қырғызстандық дизайнер Арзубек Аманов тіккен.

Дизайнердің айтуынша, бас киімін әдеттегі сәукеле немесе кимешек емес, өзгеше форматта жасауға тырысқан. Осылайша, Қазақстан символикасының бірі саналатын бүркіт образы таңдалған.

«Анықтап қарасаңыз, бүркіт қанатын жайып, ұшуға дайын тұрғандай көрінеді. Оған қоса, қазақ патшайымы Томирис тұлғасына үлкен қызығушылық таныттым. Оның стилін заманауи етуге тырыстым. Шамамен бір айда осы көйлекті тіктік, көңілімнен шықты», - деп жазды дизайнер өз парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от VONAMA ARZUBEK (@arzubek_vonama)

Ғалам аруы омирис Зайыр Сальвадор ұлттық киім

Тақырыпқа жаңалықтар