Қазақстан жаңалықтары9 қазан 2023, 14:20

Газа секторында қазақстандық 25 отбасы бар

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторында қазақстандық 25 отбасы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Газа секторында Қазақстан азаматтарынан тұратын 25 отбасы бар деген ақпарат келіп түсті. Көбі — сол жаққа тұрмысқа шыққан азаматшаларымыз. Қазір Израильдің жердегі операцияларына, сонымен қатар жүргізіп жатқан бомбалауына байланысты отбасылардың кейбірі Газа секторынан қауіпсіз орын іздеп жатыр. Ол жерде байланыс өте нашар. Сондықтан әлі күнге дейін жан-жақты ақпарат жинай алмай отырмыз. Бір-екеуімен байланыстық. Бірақ, ары-бері қауіпсіз жер іздеп жүргендіктен ақпарат беруге мұршалары жоқ. Бұл бағытта әлі жұмыс істеп жатырмыз.

ҚР СІМ Газа секторы Қазақтар

Тақырыпқа жаңалықтар