Қазақстан жаңалықтары10 сәуір 2024, 11:00

Jusan bank 100 млрд теңгені мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарды

Jusan bank «Самұрық-Қазынадан» өз облигацияларын сатып алып, мемлекет көмегінің 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды. Банк 2024 жылғы 9 сәуірде First Heartland Jusan Bank АҚ (Jusan Bank) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-дан 100 млрд теңгеге реттелген облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын сатып алғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«2023 жылдың ортасында Jusan Bank Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаннан бері банк бизнес-процестерді жақсарту, шығындарды оңтайландыру, бизнестің тиімділігі мен табыстылығын арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарды. Осы жұмыстардың тұтас кешені қаржылық тұрақты және әлеуметтік жауапты қазақстандық мекеме, мемлекеттің сенімді серіктесі ретінде банкке мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік берді», — деді Jusan Bank-тың директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Jusan bank 100 млрд теңге мемлекет қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар