Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2023, 6:54

Кепілге қалған телефонмен 2,8 млн теңгеге несие рәсімдеген

Полицияға тараздық тұрғын белгісіз біреу банктің мобильді қосымшасында оның атынан 2 840 000 теңге несие рәсімдеп, оны букмекер есепшотына аударғанын айтып шағымданған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жамбыл облысы ПД  баспасөз қызметі:

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 1-тармағы, яғни ірі мөлшерде жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жәбірленуші Тараздағы кафеде демалып, есеп айырысуға ақшасы жетпей, телефонын кепілге қалдырып, кейін оны ұмытып кеткен. Кейін әйелінің телефоны арқылы банктің қосымшасына кіріп, өз атынан үлкен көлемде несие рәсімделгенін білген.

Жедел іздестірген полиция қызметкерлері кафенің 20 жастағы қызметшісін анықтады.

Ол кінәсін толық мойындап, тергеу жүріпп жатыр.

Тараз телефон кепіл Несие

Тақырыпқа жаңалықтар