Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos

Алматыда 10 көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматыда 10 көлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасының салдарынан қалада үлкен кептеліс пайда болды. Жол апатының бейнежазбалары әлеуметтік желіде тарады. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы Рысқұлов және Тілендиев көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

– Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, Рысқұлов даңғылының бойында Тілендиев көшесінің қиылысында 10 автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Жүк көлігінің жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, ол бірнеше көлікпен соқтығысқан. Зардап шеккендердің саны және егжей-тегжейлі жағдайлар анықталады, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

 

Алматы Жол апаты

Тақырыпқа жаңалықтар