Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары11 қыркүйек 2024, 14:23

Мемлекет есебінен қаралуға тиіс бірқатар ауру түрі енді МӘМС негізінде емделеді

Мемлекет есебінен тегін қаралуға тиіс бірқатар ауру түрі енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру негізінде емделеді. Науқастарға барлығы айдан-анық түсінікті болу үшін, қазірден екі салаға бөлінген дерт түрінің аражігін ажыратуымыз керек деп санайды денсаулық сақтау министрі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, жедел медициналық көмек, санавиация қызметі кепілдендірілген мемлекеттік тегін көмектің ішінде қала береді, деп жазады КТК телеарнасы.

Науқасты оңалту мен оның ем-домына қажет барлық дәрі-дәрмекпен қамтуды мемлекет толық өз мойнына алады. Нәтижесінде кепілдендірілген медициналық көмек пакетіндегі бұған дейінгі 13 ауру түрі енді алтыға қысқартылады. Жалпы,

2027 жылға қарай дерті дендегендердің басым бөлігі МӘМС жүйесі негізінде емделеді. Бұл қазақстандықтардың ай сайын төлеп отырған жарнасының пайдасын көру мақсатында жасалып отыр дейді жауапты ведомство.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Динамикалық мониторингке жататын аурулар 2027 жылға дейін міндетті медициналық сақтандыру пакетіне кезең-кезеңімен көшіріледі. Нәтижесінде 13 әлеуметтік маңызы бар аурудан тек алтауы ғана медициналық көмек пакетінің кепілдендірілген көлемінде қалады: туберкулез, онкология, АИТВ, ЖИТС, гепатит және орфан аурулар.

МӘМС Мемлекет есебі ауру түрі

Тақырыпқа жаңалықтар