Қазақстанда 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды
Қазақстанда медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 10 мыңнан астам адамның жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл Денсаулық сақтау министрлігі, Бас прокуратура және ІІМ ақпараттық жүйелерін біріктіру нәтижесінде анықталған.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың айтуынша, көлік жүргізуге болмайтын аурулар тізіміне нозологияның 8 түрі кіреді. Мұндай азаматтарды анықтау жұмысы жалғасады.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезіндегі медициналық тексеру цифрландырылды. Анықтамалар электронды форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындысы ақпараттық жүйеде тіркеледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: