Қазақстан жаңалықтары16 маусым 2024, 17:15

National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады

National Geographic журналының сайтында Қазақстан туризмі туралы мақала жарияланды. Материал «Неліктен 2024 жыл – Қазақстанды танудың ең жақсы уақыты?» деп аталады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Автордың жазуынша, ұлы даланың кең жазық даласы бүгінде заманауи қалаларымен, іс-шараларымен және көлік тораптары арқылы әлемге өзін танытып келеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Әсіресе Алматының тауы мен табиғаты, Көлсай, Қайыңды, Шарын сынды туристік орындар келушілерді бейжай қалдырмайды.

Қазақстанның орталығын көргісі келгендер Жібек жолы бойындағы Шымкент пен Түркістанға бара алады.

Ел батысындағы Маңғыстау, Каспийдің жағасы мен Үстірт қорығы да – басты туристік бағыттардың бірі.

National Geographic Қазақстан туризм

Тақырыпқа жаңалықтар