Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2024, 20:07

Польша мен Ресей қазақстандық мұнайдың Германияға транзиті туралы келісті

Польша мен Ресейдің құбыр операторлары қазақстандық мұнайдың Германияға транзитін жалғастыруға мүмкіндік беріп, оның маусым айында тоқтап қалу қаупін жоятын шешімге келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сәуірде «Транснефть» (Ресей) Қазақстанға Польшада 5 маусымға дейін талап етілетін мұнай шығыны өлшегіштерін сертификаттау мәселесі тығырыққа тірелуіне байланысты Германияға мұнай транзиті тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті. Осы жылдың басында жағдаймен таныс поляк көздерінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, Польшаның мемлекеттік құбыр операторы PERN батыс санкцияларының бұзылуынан қауіптенді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, «Транснефть» пен қазақстандық мұнайды қабылдайтын Германияның PCK Schwedt мұнай өңдеу зауыты неміс компаниясы шығын өлшегіштерін ұстау шығындарын өтейтіні туралы келісті. Сонымен қатар словакиялық компания (атауы көрсетілмеген – ред.) поляк учаскесінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз етіп, бұл PERN бойынша санкциялық әсер ету тәуекелдерін жояды.

Еске сала кетсек, қазақстандық мұнай экспорты дәстүрлі түрде Ресей аумағы арқылы Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесі арқылы Новороссийскіге дейінгі жүзеге асырылды. Мұнайды Ресей мен Польша арқылы Германияға «Дружба» құбырымен жеткізу 2023 жылдың ақпан айының соңында басталды. Қазақстан мұнайы қуаттылығы күніне 2 млн баррель болатын құбырдың солтүстік тармағы арқылы өтеді.

Сондай-ақ Reuters агенттігіне берген жазбаша жауапта Қазақстанның Энергетика министрлігі «Қазақстан мен Ресей тараптары Қазақстаннан «Транснефть» және «Дружба» магистральдық жүйелері арқылы PCK Schwedt-ке 1,2 млн тонна мұнай жөнелтуге келіскенін хабарлады.

Польша мен Ресей қазақстандық мұнай Германияға транзит

Тақырыпқа жаңалықтар