Placeholder
Фото: Видеодан скриншот
Қазақстан жаңалықтары20 наурыз 2024, 9:12

«Пышақпен қорқытып, кепілге алған». Лудоман әйелін өлтірмек болды

Сайрам ауданының тұрғыны 102-ге хабарласып, күйеу баласы қызын пышақпен қорқытып, кепілге алғанын айтты. Полиция жедел тексеру барысында қаскөйдің лудоман екенін анықтап, бұрынғы әйеліне күш көрсеткенін байқады. Ол кепілге алған адамды өлтіремін деп «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» трассасымен Қызылорда облысына қарай жолға шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кепілге алынған адамды босату мақсатында жедел штаб құрылды.

«Арлан» арнайы жасағы күдіктіні «Асар» ықшамауданының маңында қолға түсірді.

«Оқиға кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алғандықтан ауруханаға жеткізілді. Күдікті бұрын екі рет сотталған, лудоманиямен ауырады. Үш баласы бар. 2021 жылы ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Қазір қамауда отыр», делінген Түркістан облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сайрам ауданы алып қашу лудоман бұрынғы әйелі

Тақырыпқа жаңалықтар