Қазақстан жаңалықтары12 наурыз 2024, 7:00

Қ. Бишімбаевтың сотына БАҚ өкілдері неге тікелей қатыспады

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты істің алдын ала тыңдалымына БАҚ өкілдері мен басқа да адамдар үшін шектеу қойылды деген тұжырым шындыққа жанаспайды. Бұл ақпаратты Астана қаласының соты таратты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Алдын ала тыңдалым ашық режимде өтті. Заңнама талаптарына сәйкес, сот процеске қатысушылардың (сотталушылардың, жәбірленушілердің, олардың қорғаушыларының, прокурордың) отырысқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Отырыс өтетін залға қатысуға ниет білдірген барлық қатысушы сыймады. Сол себепті, процеске қатысушылардың көптігін ескере отырып, қосымша тағы 2 зал (БАҚ өкілдері және басқа да қатысушылар үшін) қарастырылды», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, залдарда қажетті жабдық орнатылып, отырыс тікелей эфирде көрсетілді.

Сондай-ақ, елорда сотынан ақпаратты жедел алуға мүмкіндіктің жасалғаны айтылды.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Сот залына журналистер тікелей қатыса алмады, БАҚ өкілдері үшін бөлек залда тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Экс-шенеуніктің ісіне қатысты алдын ала тыңдауға 80-ге жуық БАҚ өкілі қатысты.

Аталған істің судьясы Айжан Құлбаеваның шешімімен алдын ала тыңдаудың жалғасы 12 наурыз сағат 17:00-ге белгіленді.

Қуандық Бишімбаев сот БАҚ

Тақырыпқа жаңалықтар