Новости: Қуандық Бишімбаев

Қуандық Бишімбаев - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Қуандық Бишімбаев】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
14 қараша 2024 / Новости Казахстана

Зоопарк емес: сенатор колонияда Бишімбаевты неліктен көрсетпей жатқанын түсіндірді

ҚР Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары және жақында сенатор болған Марат Қожаев сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеу тәртібіне қатысты түсінік берді. Тілшілер «Қ. Бишімбаевтың шынымен де жазасын өтеп жатқаны туралы фотосуреті немесе бейнематериалдар неге жарияланбады?» деген сұрақ қойды. «Бишімбаевтың қай жерде қамауда отырғаны құпия емес. Біздегі колониялар әртүрлі категорияларға бөлінген, яғни жеңілдетілген, орташа және қауіпсіздік деңгейі жоғары деп айқындалған. Ол кісі барынша жоғары қауіпсіздік талабы қарастырылған Степногордағы колонияда өз жазасын өтеп жатыр», - деді М. Қожаев. 

arbat media
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қуандық Бишімбаевтың бостандықта жүргені рас па

Әлеуметтік желіде сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі жазбаға ресми жауап берді.«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп таратты комитеттің баспасөз қызметі, 

arbat media
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті.  Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді. 

arbat media
26 маусым 2024 / Новости Казахстана

Бишімбаев ісі: Судьялар үкімді өзгеріссіз қалдырды

Астана соты әйелін өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырған бауыры Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы қаралды. Экс-министрдің адвокаттары сот процесінде судья Айжан Құлбаева тарапынан, кем дегенде, 20-дан астам өрескел қателік жіберілді деп мәлімдеді. 

arbat media
2 сәуір 2024 / Новости Казахстана

«Жамандағым келмейді, бірақ Салтанат парадоксқа толы адам болды» - Бишімбаев

Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Сот отырысы айыпталушының сұрауымен алқабилер алқасы және БАҚ қатысуымен өтіп жатыр. Қоғамдық резонанс тудырған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы Жоғарғы соттың ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.

arbat media
2 сәуір 2024 / Новости Казахстана

«Манипуляция шебері». Назым Қаһарман Бишімбаевтың «шындығы» туралы

2 сәуір, Астана қаласында Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот отырысы кешке дейін жалғасты. Бишімбаевқа сөз беріліп, экс-министр Нүкеновамен өткен бір жылдық отбасылық өміріндегі барлық жайсыз оқиғаға марқұм әйелін кінәлап, өзін «сол қорлыққа шыдаған құрбан» ретінде көрсетуге тырысқан. Сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде Бишімбаевтың қоғамға, сот отырысындағы алқабилерге манипуляция жасалып жатқаны туралы көптеген жазбалар тарады. Бишімбаевтың бұрынғы әйелі де бұл тақырыптан шет қалмады.

arbat media
2 сәуір 2024 / Новости Казахстана

«Әкем – нашар адам»: Бишімбаевтың қызы Нүкеноваға хат жазған

2 сәуір күні Қуандық Бишімбаев алғаш рет сот залында қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. Бұған дейін ол түсініктеме беруден бес рет бас тартқан. Түсінік беру барысында Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында біршама түсінбеушілік болғанын, оған да Салтанат кінәлі екенін айтқан еді.