Placeholder Қарағандыда құрылыс алаңында бір адам қаза тапты
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Astana Qalasınıñ äkimdigi

Қарағандыда құрылыс алаңында бір адам қаза тапты

Қарағандыда салынып жатқан көпқабатты үйде лифт құлап кетті. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Build Invest құрылыс компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс алаңында лифт құлап, салдарынан екі адам зардап шегіп, оның беруі қаза болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша, байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталуда», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен екінші жұмыскердің жағдайы туралы мәлімет берді.

«Бір пациент профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр», — деп мәлімдеді ведомстводан.

Қарағанды Құрылыс өлім оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар