Қазақстан жаңалықтары24 наурыз 2024, 21:17

Қазақ күйлері дүниежүзіндегі радиостанциялардан берілді

Қазақстанның ұлттық әуендері әлемнің 26 елінде орындалды. Дүние жүзіндегі радиостанциялар Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен алғаш рет құттықтап, қазақтың жарқын аспаптық пьесалары – күйлерін тыңдарман назарына ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Құрманғазы оркестрінің орындауындағы домбыра үні бес құрлықтағы танымал радиостанциялардың толқынын шарпыды.

«Ұлы даланың әуені күллі әлемге ізгіліктің салтанатты хабарына айналып, көктемнің шуақты мерекесі Наурыздың атмосферасын қалыптастырады», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ресей, Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Үндістан, Қытай, Моңғолия, Иран, Марокко, Болгария, Польша, АҚШ және басқа елдердің радиостанциялары қазақ күйін өздерінің плейпарағына енгізіп қойды. 

Қазақ күйлері радиостанциялар

Тақырыпқа жаңалықтар