Қазақстан жаңалықтары22 желтоқсан 2023, 10:00

Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.

Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуе компаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.

Қазақстан Сауд Арабиясы әуе қатынасы FlyNas

Тақырыпқа жаңалықтар