Placeholder
Фото: Александр Павский / Kazinform
Aleksandr Pavskïy
Қазақстан жаңалықтары10 тамыз 2024, 9:00

Қазақстанда қанша Абай бар

Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлттық статбюро ұлы ойшылдың құрметіне қойылған есімдер жайлы статистиканы ұсынады. Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады. Ғұлама есімі берілгендердің ең көбі Түркістан облысында тұрады — 2050 адам, одан кейін Астана — 2021 адам және Алматы қаласы — 1639 адам.Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең азы Ұлытау өңірінде — 193 адам, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақынның туған өлкесінде (Абай облысында) Абай есімді 232 адам тұрады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Егер жас құрамы бойынша қарайтын болсақ, 18 жасқа дейінгі 4166 балаға Абай есімі берілген.

18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6241 адам бар.

Қазақстан Абай есім Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар