Қазақстан жаңалықтары7 сәуір 2024, 12:56

Құлсарыда екі адамның мүрдесі табылды

Бүгін 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды» - делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Бұған дейін Құлсарыда су тасқыны кезінде екі адам жоғалып кеткені жөнінде ақпарат шыққан болатын.

 

Құлсары Тасқын екі адам мүрде

Тақырыпқа жаңалықтар