Placeholder Елімізде Қытайдың тағы үш көлік маркасы құрастырылуы мүмкін
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform

Елімізде Қытайдың тағы үш көлік маркасы құрастырылуы мүмкін

Елімізде тағы үш қытайлық автокөлік маркасы өндірілуі мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында қазір бұл мәселе жіті пысықталып жатқанын айтты. «Біз отандық автомобильдердің CKD әдісінің өндірісіне назар аударамыз. Бұл дегеніміз – елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру. Осы бағытта, шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмыстары жүргізілуде», - деді ол, - деп хабарлайды Arbat.media.

Министрдің сөзінше, аталған зауыттардың бәрі өндірістегі Қазақстанның үлесін біртіндеп арттыруға міндет алады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылатын болады. Сонымен қатар, 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп, 150 млн долларға Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдер өндірісі пысықталуда. Бұдан бөлек секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу күтілуде», - деді Қанат Шарлапаев.

Қанат Шарлапаев Қытай қ автокөлік маркасы

Тақырыпқа жаңалықтар