Қазақстан жаңалықтары11 ақпан 2024, 19:31

Құсбегіліктен Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өтіп жатқан 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионатының финалистері анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Алғашқы екі күннің қорытындысы:

Бүркіт құсымен сайыс бойынша финалдық бәсекеге таза жолдама алғандар:

1. Кушкаров Арман

2. Бүркітбай Жасұлан

3. Искаков Алан

Түлкіге салу сайысы бойынша чемпиондықты сарапқа салады.

3-орынды сарапқа салатындар:

4. Сейітжан Аян

5. Танатов Ғабит

6. Абдулкарим Сармат

7. Бәйетбай Сағыныш

8. Қазыбеков Нұрғазы

Чемпионатқа еліміздің 10 облысынан және 2 қаладан 100-ге жуық құсбегі қатысуда. Тіркеуден 61 бүркіт, 21 қаршыға, 14 ителгі өтті.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты алғашқы жарыс күндері құсбегілеріміз үшін оңайға соққан жоқ. Дегенмен спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде», - деп атап көрсетілген Ұлттық спорт қауымдастығы таратқан қабарламада.

Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Қазақстан чемпионаты финалистер құсбегілік

Тақырыпқа жаңалықтар