Қазақстан жаңалықтары19 қазан 2023, 6:29

Қыз алып қашпақ болған жігіттер сотталды

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары қыз алып қашқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылдың көктемінде Ж. есімді азамат ортақ таныстары арқылы А. есімді қызбен танысқан. Бірнеше кездесуден кейін, қыз қарым-қатынасты одан әрі жалғастырудан бас тартқан. Алайда соған қарамастан, Ж. есімді азамат қызға үйлену үшін алып қашу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасы.

Ж. есімді азамат пен досы Таразға келіп, қызды алдап, көлікке күшпен отырғызып, қаладан алып кетуге тырысқан. Көршілері қыздың көмекке шақырғанын естіп, полиция қызметкерлеріне жүгінген.

«Полиция жедел әрекет етіп, күдіктілердің көлігін ұстады. 21 қыркүйек күні Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сот үкімімен екеуі де – қызға үйленуге ниетті жігіт пен оның досы кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ».

Қыз алып қашу сот

Тақырыпқа жаңалықтар