Қазақстан жаңалықтары31 қазан 2023, 17:24

Қызылша жылдам таралып жатыр, көбі вакцина алмаған

Қызылша ауруына шалдыққан қазақстандықтардың дені вакцина алмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Елімізде қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі. Жыл басынан бері 11 057 дерек тіркелді. Оның ішінде қызылша жұқтырғандар 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 2,7% жасөспірімдер және 13,8% ересектер. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Атап айтқанда Алматы қаласында – 2031 жағдай, Шымкент қаласында – 2026 жағдай, Жамбыл облысында 392 жағдай және Алматы облысында – 1111 жағдай», - деді Есмағамбетова.

60%-да балалар егуден бас тартуға байланысты, 18,3%-да – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21%-да егу жасына жетпеуіне байланысты егілмеген. Аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы вакцинация болып табылатынын ескере отырып, қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 6 айдан бастап, сондай-ақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды және медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялауды енгізу жоспарланып отыр.

қызылша вакцина Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар