Қазақстан жаңалықтары17 қаңтар 2024, 10:12

Ресей мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойған шектеуді алып тастады

Ресей Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойған шектеуді алып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шектеу екі жыл бұрын Қазақстандағы ветеринарлық мәселелерге байланысты енгізілген. Өз кезегінде еліміз түрлі ауруларға карантинге байланысты енгізілген тірі малды, ет пен сүтті Ресейден тасымалдауға және әкелуге тыйым салуды алып тастады.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

«2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясы Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге шектеуді алып тастады. Шешім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев арасындағы желтоқсандағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың қорытындысы бойынша қабылданды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы мұны екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға көмектесетін Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды қадам деп атады.

мал шаруашылығы өнімдері Ресей шектеу алынды

Тақырыпқа жаңалықтар