Placeholder Сотқа қылмыстық іс орысша түссе де мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік берілді
Фото: Pexels
Pexels
Қазақстан жаңалықтары1 қазан 2024, 10:34

Сотқа қылмыстық іс орысша түссе де мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік берілді

Астана қалалық соты қылмыстық іс жүргізу барысында тергеу органдарынан орыс тілінде түссе де, сотталушының қалауына қарай мемлекеттік тілде қаралуына мүмкіндік берді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі арттыру мақсатында Астана қалалық сотының судьялары Э.Оңғарсынова және Г.Даулешованың жетекшілігімен Астана қаласындағы аудандық полиция басқармасы басшыларымен дөңгелек үстел өтті. Шарада талқыланып отырған мәселенің маңыздылығы аталып өтілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тергеу органдарынан сотқа орыс тілінде түскен қылмыстық істерді қарау барысында, ұлты қазақ сотталушы өз жауаптарын ана тілінде беру туралы өтініш жасаған жағдайда, соттар сот жүргізу тілін қазақ тіліне өзгерту туралы қаулы шығарып, істі әрі қарай қазақ тілінде жалғастырады. Көпшілігінде сотталушылар тергеу барысында істі қазақ тілінде жүргізу туралы айтқанын, алайда тергеуші орыс тілінде жалғастырғанын түсіндіреді. Осындай фактілер бойынша соттар жекеше қаулылар шығарады», — делінген хабарламада.

Астана қалалық соты жекеше қаулылардың орындалуына талдау жасап, кейбір кемшіліктерге тоқталып, бұл мәселеге мұқият көңіл аудару қажеттігін айтты.Қазақ тілін дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту және соттың тілге қатысты шығарылған жекеше қаулыларын тиісінше орындау сапасын жақсарту туралы талқыланды.Талқылау барысында қатысушылар тәжірибеде қолданылатын пікірлер мен ұсыныстар алмасты.

Қылмыстық іс сот қазақ тілі орыс тілі

Тақырыпқа жаңалықтар