Қазақстан жаңалықтары10 ақпан 2024, 18:05

Степногор ЖЭО электр тарату желісінің ажыратылуына байланысты тексеріс басталды

KEGOC АҚ электр тарату желісінің ажыратылуына байланысты Степногор ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Осыған байланысты ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жылу электр орталығында технологиялық қателіктер жоқ. Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын тарату қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кетті. Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған», - деді ведомстводан.

Бұдан бұрын Степногор жылу энергия орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар жылу және электр жарығынан ажыратылған болатын.

Степногор ЖЭО тексеріс

Тақырыпқа жаңалықтар