Қазақстан жаңалықтары14 сәуір 2024, 12:47

Су тасқыны: Атырауда 500 үйге электр қуаты қайта берілді

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағалиев өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады. Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қазір 500 үйге электр қуаты қайта берілді, күн сайын 60-тан 100-ге дейін үй қосылып отырады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жылыой ауданындағы жағдайға қатысты оң динамика байқалады – соңғы бірнеше күнде Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см төмендеді, Доссор-Құлсары тас жолын қалпына келтіру жалғасуда. Сондай-ақ, қаланың өзінде су айдау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл мақсатқа 58 техника жұмылдырылды, өткен тәулікте 11 мың текше метр су сорылды. Жылыой ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, күн сайын су сынамалары алынады. Автожанармай құю станцияларының, азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі қайта жанданды», - дейді Руслан Жұмағазиев.

 

Тасқын электр қуаты Атырау облысы жарық берілді

Тақырыпқа жаңалықтар