Новости: Атырау облысы

Атырау облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Атырау облысы】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Атырау облысында сыбайлас жемқорлықтың қаупі жиі анықталатын салалардың қатарында медицина, спорт, жол және инфрақұрылым бар. Мәселен, спорт саласында 900 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылық анықталып отыр. Сондай-ақ 30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеп келген. 

arbat media
30 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында африкалық жайынның шабағы өсіріліп жатыр

Атырау облысында африкалық жайынның шабағын өсіру қолға алынды. Маусым айынан бері су тоғанында 10 тонна балық өсірілген. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Бөлековтың айтуынша, мұндай көрсеткіш соңғы 30 жылда болмаған. 

arbat media
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Ауыл аманаты»: Атырау облысында 192 жобаға қаржы берілген

Былтыр Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың 192 жобасына қаржы берілген. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың мәліметіне сүйенсек, биыл қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 83 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген несие беріледі. 

arbat media
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында кәсіпкерлер грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған

Атырау облысында 21 кәсіпкердің қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсағаны анықталып отыр. Енді олар грант қаржысын бюджетке қайтарады. Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметіне сүйенсек, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп. 

arbat media
14 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидың мәліметінше, биыл игерілмеген 90 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. 

arbat media
6 шілде 2024 / Новости Казахстана

Балаларына алимент төлемеген борышкерлер қамауға алынды

Атырау облысында балалары үшін алимент төлемей жүрген екі борышкердің ісі сотта қаралды. Сот қаулысымен борышкерлер қамауға алынды. Қызылқоға аудандық сотының ақпаратына сүйенсек, борышкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігінің талабын бұзған. 

arbat media
21 маусым 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында итті өртеген жігіт қамауға алынды

Атырау облысында ер адам итті өртеп жіберген. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 19 маусымда түнгі сағат 23:30 шамасында болған.