Қазақстан жаңалықтары3 қараша 2023, 17:20

Талдықорғанда жігіт қызының тамағын осып жіберген

Талдықорғанда жігіт қызына шабуыл жасап, тамағын осып жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media. 

Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Оқиға 27 қазанда сұлулық салондарының бірінде болған. 28 жастағы қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.

Бейнежазбадан ер адамның қызды жерге құлатып, тұншықтырып жатқанын көруге болады.

Осыдан кейін ол үстелден канцеляр пышағын алып, қызды бауыздамақ болды. Пышақпен бірнеше соққы жасағаннан кейін ол сыртқа шығып кетеді.

Бұған дейін жігіт қызды үнемі ұрып-соғып келген.

Жетісу облысы ПД мәліметінше, 35 жастағы күдікті ұсталды.

«Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеуші істі «Адам өлтіруге оқталу» санатына ауыстыру туралы қаулы шығарды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Талдықорған жігіт қыз Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар