Placeholder Талғардағы трагедия: қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды
Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұлан баспасөз қызметі
QR IIM Ulttıq ulan baspasöz qızmeti
Қазақстан жаңалықтары14 қазан 2024, 1:55

Талғардағы трагедия: қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін Ұлттық ұлан әскері жұмылдырылды

Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау қызметін атқару үшін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. «Өткізілетін іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Азаматтардан әскерилердің міндетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

4 қазан күні Талғар қаласындағы төбелестен жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.

Одан кейін Шерзаттың туған-туыстары мен Талғар тұрғындары ашық тергеу болуын талап етіп, наразылыққа шыққан болатын.

Артынша Талғарда 16 жасар Шерзаттың үйі өртенді. Полиция отбасыны қорғауға алды.

Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны белгілі болды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауржан Аленов марқұм Шерзат Болаттың үйін өртеу оқиғасын тергеу тобымен Талғарға барды.

Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов өрт қылмысы бойынша айғақтар алынып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

Талғар қоғамдық тәртіп Ұлттық ұлан Шерзат Болат

Тақырыпқа жаңалықтар