Қазақстан жаңалықтары3 шілде 2024, 16:34

Тасқын: Бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 млрд бөлінді

Үкімет су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығынын өтеуге резервтен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлуге қаулы қабылдап, өңірлік комиссиялар кәсіпкерлер өтінімдерін қабылдап жатыр.Қабылданып жатқан шаралардың ішінде азаматтарды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету, біржолғы қаржылық көмек көрсету, үйлерді жөндеу мен қалпына келтіру шығындарын өтеу және т. б. бар. Үкімет резервінен 12 млрд теңгеден астам қаражат ШОБ мүлік шығындарын өтеу үшін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджетіне аударылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмысы басталды. Өңірлік комиссиялар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 178 өтінімін қарап, мақұлдады.

Әкімдіктердің алдын ала бағалауы бойынша 746 ШОБ субъектісі зардап шекті. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері, кафелер, ТҚКО, қонақ үйлер және басқалары бар. Бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына енгізіледі. Су тасқыны салдарын жою жөніндегі жұмыс Үкімет басшылығының тұрақты бақылауына алынған.

Осыдан бұрын БҚО, Қостанай облыстарында әуедегі электр беру желілерін қалпына келтіруге 2,4 млрд теңгедей бөлінген.

Үкімет Тасқын 12 млрд Бизнестің мүлік шығыны

Тақырыпқа жаңалықтар