Қазақстан жаңалықтары17 ақпан 2024, 20:14

Тоғыз облыста автокөлік қозғалысы шектелді

17 ақпан, сағат 18:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 өңіріндегі 12 тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 177 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

1. «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау а.-Боғас а.

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 15 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:

1. «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 435 шақырымды құрайтын 3 автомобиль жолында:

1. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ.

2.⁠ «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»

3. «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 79 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а. Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.

Маңғыстау облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

1. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» - Жетібау а.-Ақтау қ.

2. ⁠ «Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы» Жетібай а.-Жаңаөзен қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1.⁠ «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

1. «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы

Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 438 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды.

17 ақпан 9 өңір көлік қозғалысы шектеу

Тақырыпқа жаңалықтар