Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 23:50

Түркістан облысында қақаған қыста лимон жинап жатыр

Түркістан облысындағы жылыжайларда лимон пісті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркістан облысында лимон өсіру кең етек ала бастады.

Арнайы жылыжайда өсіріліп жатқан тропикалық жеміс қыста мол өнім беріп жатыр.

Мәселен, Сарыағашта шаруа қожалығының иесі Оспанәлі Таңсықбаевтың лимон өсіруді қолға алғанына биыл 10 жылға жуық уақыт болды. 60 соттық жерге 640 лимон ағашын отырғызған шаруа күні-түні күтім жасап, баптады. Тамыр жаюын тәулік бойы бақылады. Ерен еңбектің нәтижесінде тропикалық белдеуде ғана өсетін жеміс ағашы Сарыағаш топырағына жерсінді. Бүгінгі күні шаруа лимон алқабынан мол өнім алып отыр. 

Шаруа қожалығына қарасты 5 гектар жер телімінің 4 гектарына алма, 0,5 гектарына лимон, ал қалған алқапқа құлпынай ектік. Жылыжайға 707 дана лимон, 6 мың түп қызыл алманың көшетін отырғыздық. Қазір 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз», - дейді шаруа.

Түркістан облысы шаруалар лимон

Тақырыпқа жаңалықтар