Placeholder
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары14 тамыз 2024, 10:00

ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер енгізілді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Биылғы қаңтар айында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдауды тапсырған болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына заманауи авиациялық техника сатып алуға қатысты түзетулер енгізілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қаржы лизингі тетігін пайдалану арқылы ТЖМ материалды-техникалық базасын жабдықтау үшін 11 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр.

24,8 млрд теңге мөлшеріндегі қажетті сома республикалық бюджеттен 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен бөлінетін болады.

Мәселені Республикалық бюджет комиссиясы тұжырымдамалық түрде қолдады.ТЖМ материалдық-техникалық базасын нығайту авиациялық техникамен қамту аймақтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Әуе кемелері жету қиын жерлерде орын алған төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялау және құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ су тасқыны және өрт қаупі басым кезеңдерде мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.

 

ТЖМ әуе кемесі сатып алу

Тақырыпқа жаңалықтар